Спорт

“Солтүстік-2024”: екі спорт түрінен жеңімпаздар анықталды

Өңірде «Солтүстік-2024» спорт фестивалі өтіп жатыр. Жуырда 2 спорт түрі: керлинг пен коньки жарысынан жеңімпаздар анықталды. Үшкүндік тартыстың нәтижесінде керлингтен есілдіктер үздік атанды.
2-ші орында – қызылжарлықтар. Шал ақын ауданының спортшылары керлингтен 3-ші орынға тұрақтаса, коньки жарысында топ жарды.
Қызылжар ауданының конькишілері – 2-ші, Ғ.Мүсірепов ауданының өкілдері 3-ші орын иеленді.

 

Мәдина Қаби