Алда ел тұрғындарын демалысқа толы ай күтіп тұр. Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі бірдей ресми мерекені атап өтеді. Биыл 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұмаға келіп тұр. Бұл дегеніміз аптасына 5 күн еңбектенетіндер 3 күн қатарынан тынығады. Ал төл жаңа жылымыз Наурыз 21-23 аралығында тойланады. Сенбідегі мерекелік демалыс дүйсенбіге ауысып, 25-ші наурызда тағы демалыс күтіп тұр. Қорыта айтқанда, жұмыс күні 5 күнді құрайтындар – 5 күн, 6 күнді құрайтындар 4 күн тынықпақ.
Ақжүніс Мұқатай