Құқық қорғау органдары

Мектепке шабуыл жасау туралы жалған хабарламаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Сенбі күні жұртшылықты сергелдеңге салған жазбаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, 2 күн бұрын Петропавлда дүйсенбіде 6 мектепте террорлық шабуыл жасалатындығы туралы хабар тараған болатын. Жазба авторы желіде қарумен түскен фото жариялаған және біз 20 адамнан көппіз деп жазған. Бұл факті бойынша мамандар дереу тексеріске кірісіп кетті. Осындай жазба жариялаған адам іздестіріліп жатыр.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды; облыс орталығындағы барлық оқу орындарында жеке құрамның күштері мен құралдары бөлініп бекітілді. Бұған дейін осыған ұқсас хабарламалар көршілес орналасқан мемлекеттен Қазақстанның басқа бірқатар өңірлеріне келіп түсті. Аталған мәселе менің жеке бақылауымда. Халықты осындай үрейлі хабарламаларға берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

 

Мәдина Қаби