Қоғам

ҚХА жұмысын жандандыру туралы семинар өтіп жатыр

Облыстағы этномәдени бірлестіктердің тиімді өзара іс-қимылы өңірдегі этносаралық тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде. Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында осындай атаумен этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жандандыру жөнінде семинар-тренинг өтті.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, облыстық ҚХА жастар қанатының төрағасы:

– Бүгінгі семинарда өте пайдалы ақпараттарға қанық боламыз деп ойлаймын. Жиында біздің өмірімізде креативті индустрияны қалай енгізуге болатыны айтылады. Сонымен қатар, ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған мәселелер көтеріледі.

Жиын спикерлерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев сонау Алматыдан, ал бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Ұлболсын Жанатаева бас қаладан келіп отыр. Мемлекеттің өркендеуіне ассамблея да белсене атсалысады. Атқарылып жатқан жұмыстың жүйесін халыққа жеткізуші БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс жасау да маңызды дейді Рустам Қайрыев. Бүгінгідей жиындардың тұрақты қатысушысы Гүлбақша Мұсабаева өз түсінген-түйгенімен бөлісе кетті.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, кәсіби медиатор:

– Ақпараттық құралдарда біздің белсенді мүшелер, қоғамдық қайраткерлер өзекті мәселелер бойынша өз ойын қалай жеткізу керектігі және оның пайдалылығы туралы мәселе қарастырылмақ. Маған бұл семинар несімен қызық? Бүгін тиімді коммуникациялар мен дау пайда болмас үшін не істеу керек деген стяқты ілімдерді тыңдап жатырмыз.

Ассамблеяның саяси реформаларды іске асырудағы рөлін арттыру, қоғамдық әлеуетін жандандыру, құқық қорғау қызметі мен ақпараттық жұмысты күшейту. Біздің облыста да осы бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуі керек.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, кәсіби медиатор:

– Ақырғы жылдары ҚХА концепциясын жаңартып, көбіне халыққа жақын болып, этномәдени орталықтардың өздеріне барып сауаттылықтарын арттыру үшін көп дүниелер жасалып жатыр Сондықтан, жылына әр квартал сайын семинарлар өтеді.

Жалпы, аталмыш семинар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде. Ал бүгінгі жиынға 30-ға тарта ұйым өкілі қатысты.

 

Ақжүніс Мұқатай