Жекеменшік нысан қожайыны өзіне қарайтын жердің қарын өзі шығаруы тиіс. Полиция қызметкерлері жуырда рейд өткізіп,
50-ге жуық 47 кәсіпкерлік нысаны аумағында абаттандыру ережесеі сақталмағандығын анықтады. Нәтижесінде 20-дан астам тұлға
әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әр ғимарат тұсындағы оппа қар мен үйінділер қала көркін қашырып тұрады, ал көктемде еріп, су тасқынының қаупін күшейтеді. Заң талаптарын елемеген кәсіпкерге әуелі ескерту беріледі, кейін 20-дан 100 АЕК-ге дейін айыппұл салынады.
Мәдина Қаби