Құқық қорғау органдары

Ақжар ауданында мүгедектерден заңсыз салық ұсталған

Облыста халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмысы аясында жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түріндегі өрескел бұзушылықтар анықталды. Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексінің 346-бабын бұза отыра 2022-2023 жылдар бойынша мүгедек балалардың 74 заңды өкілінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығын ұстап қалған. Ал Ақжар ауданында 19 мүгедектен көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтарған. Қалған сома бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.