Қоғам

СҚО-да тіркелмеген 15 автокөлік арнайы тұраққа қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, тіркеу туралы куәліктерін тексеруде. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап отандастарымызға және елімізде тұруға ықтиярхаты бар өзге мемлекеттердің азаматтарына темір тұлпарларды шетелдік есепте пайдалануға тыйым салынды. Алайда, арамызда бұған немқұрайлы қарайтын жүргізушілер бар. Қазір ортақ тәртіпке пысқыра қараған жандарды полиция қызметкерлері жазалап жатыр. Бүгінгі күнге дейін өңірімізде тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анықталыпты. Жауапты тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, жылжымалы мүлік арнайы тұрақтарға қойылған.

 

Байболат Құлтанов