Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ұлттық Банкі орта мерзімді перспективада инфляцияны 5% – ға дейін төмендету мақсатын бекітті

Осы деңгейге дейін болжамды төмендеу 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында күтіледі. 2024 жылы инфляция диапазоны 7,5 – 9,5%, ал 2025 жылы 5,5 – 7,5% болады деп болжануда. Алайда, инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы және ықтимал фискалдық импульс сияқты тәуекелдер инфляцияның мақсатқа оралуын бәсеңдетуі мүмкін.

Ұлттық банк инфляция мақсатына жету үшін орташа қатаң ақша-кредит жағдайларының қажеттілігін ескере отырып, базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетудің орындылығын бағалайтын болады. Қосымша шараларға коммуникацияны жақсарту, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен ынтымақтастық кіреді.