Спорт

Ел чемпионатына қатысатын жас палуандар іріктелуде

Кім мықты, сол республикалық чемпионатқа қатысады. Бұл – жас палуандардың жарысы. Еркін күреспен шұғылданып жүрген 13-15 жасар жасөспірімдер өз араларында ең ептісін анықтап жатыр. Қатысушылардың жалпы саны 150-ге жуықтайды. Бүгін оларда – финал. Бөз кілемде – Уәлиханов пен Ақжар аудандарының палуандары. Бұл кездесуде бірінші аталғаны жеңді.

НҰРТАС АБЛАЕВ, жарысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:

– Менің 35 келі салмақта күрестім. Қарсыласым өте мықты болды. Бірінші белдесуде өте қиын болды. Есеп 10:0 болды. Екінішісі де оңайға соқпады. Үшінші белдесуде мен Қызылжар ауданының спортшысынан жеңіліп қалдым. Сонымен, 3-ші орынға күрестім. Есеп 8.2.

Ары қарай 62 салмақ дәрежесіндегілер күш сынастырды.
Боз кілмге шыққан қос қарсылас біраз аңдысты. Соңында қызылжарлық 14 жасар Бексұлтан Ахмет жеңіп, 3-ші орынға ие болды.

БЕКСҰЛТАН АХМЕТ, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Мен күресті аяққа кіруден бастадым. Өйткені, кеше қарсыласыммен ойнап күрескен едік. Сол уақытта оның аяғы осал екендігін байқадым. Аяғына дұрыс қарамайды екен.

Еркін күрес жасөспірімдер арасында жақсы дамып келеді. Әсіресе, қыздар жағынан қызығушылық көп екен, көрсеткен нәтижелері де мақтауға тұрарлық дейді іріктеу жарысының төрешісі Серік Сабыров.

СЕРІК САБЫРОВ, жарыстың төрешісі:

– Бүгін 12 салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Екінші, үшінші орынға белдесу. Содан кейін, бірінші орын да бар. Қазақстан бойынша өңіріміздің қыздары бізде жақсы өнер көсетеді. Еркін күрес бізде жақсы дамып келе жатыр. Естіген шығарсыздар, әлем чемпионы – солтүстіктің тумасы. Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылынан. Сол кісі балаларға пір тұтушысы болды.

Сәуір айында өтетін республикалық чемпионат өзіміздің Қызылжар қаласында ұйымдастырылмақ. Мықты дегендер сол чемпионатта өңір намысын қорғайтын болады.

 

Мәдина Қаби