Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы кезекті отырыс Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесстің қатысуымен өтті. Бүгінде өңірде 28 этномәдени орталық пен 150-ден астам бірлестік бар. Арасында 30 жылдан бері ауқымды жұмыс атқарып келе жатқан “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығын атап өту керек. Мұнда татар, башқұрт халқы өз әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін дәріптей алады. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады деп жиі айтамыз. Ал олардың ауызбіршілігін нығайтып, берекені сақтауға ассамблеяның қосып жатқан үлесі зор.
Ақжүніс Мұқатай