Қайырымдылық жасауда алдына жан салмайтын жандар спортқа келгенде де жандарын береді. Олар тек халыққа көмектесіп қана қоймай, өзара бірігіп жарыстар да ұйымдастырып тұрады. Соның бірі – волейбол ойыны. Аптаның демалыс күні екеніне қарамастан жастар ойынға құмартып келіп отыр. Еріктілердің көбісі волейболмен әуестенеді екен. Сол әуесқой ойыншылардың арасынан бүгін 5 команда жиналып, кубокқа таласады. Ажар Сыздықова – «Ассамблея жастары» командасының мүшесі. Оның айтуынша осындай жарыстар волонтерлердің ауызбіршілігін арттырады.
АЖАР СЫЗДЫҚОВА, «Ассамблея жастары» командасының мүшесі:
– Негізі, маған волейбол ойнаған ұнайды. Себебі, бұл жерде ойыншылар алты адам болып, белгілі бір командалық ұйымшылдыққа үйретеді және бұндай іс-шаралардың көп болғандығын қалаймын. Себебі, бүгінгі сенбі күніне қарамастан көптеген адамдардың жиналуын байқап тұрмыз. Волейболды біз қызыға ойнаймыз.
Өткен жылы да жарыс осы жерде ұйымдастырылған екен. Әуесқой ойыншылардың арасында ауданнан келгендер де бар.
ДАРХАН БЕКБОЛАТОВ, Аққайың ауданы командасының капитаны:
– 6-шы сыныптан бері волейболмен айналысып келе жатырмын. Командамызда сегіз адам бар. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.
5 команданың бесеуі де кездесулерін бүгін өткізеді. Жастар ресурстық орталығының «МРЦ» деп аталатын командасы «Северный ветер» құрамасымен кездесті. Екінші аталғандары допты бірінші беріп, бірден ұпай еншіледі. Кездесуде де жеңіске жеткен – осылар.
КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, жарысты ұйымдастырушы:
– Біз бұндай сайыстарды жастар үшін көбірек өткізуге тырысамыз. Алдағы уақытта та өз жалғасын табады. Бір байқағанымыз, жастардың волейболға деген қызығушылығы зор.
Ойын «Северный ветер» командасының жеңісімен аяқталды. 2-ші орынға Аққайың ауданының құрамасы тұрақтаса, 3-ші орынға «Теміржолшылар» ие болды.
Мәдина Қаби