Биыл 1-ші қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ұсақ жол-көлік оқиғаларын полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеуге болады. Жол-көлік оқиғасын еш кикілжіңсіз шешу – «Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті шарты болып табылады.
БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Бұл тәжірибенің бірқатар артықшылығы бар. Енді азаматтарға полицияны күтудің қажеті жоқ. Ұсақ жол-көлік оқиғалары үшін жүргізушілер бұдан былай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды және сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқартылды.
Осы ретте «Еурохаттама» мобильдік қосымшасын пайдалану қажет. Оны App Store немесе Google Play жүйелерінен жүктеп алуға болады. Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы қатысса, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және көлікке ғана зақым келген жағдайда «Еурохаттаманы» қолдануға болады. Бұдан бөлек, басқа да міндетті шарттар бар.
БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Біріншіден, жол-көлік оқиғасына кем дегенде екі көлік құралы қатысады. Екі жүргізушіде қолданыстағы сақтандыру полистері болуы тиіс. Екіншіден, тек көліктерге зақым келтірілген жағдайда. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зиян келтіру мән-жайлары көлік құралдарында көрінетін залалдың сипаты мен тізбесі, көлік оқиғасына қатысушылардың бірінің кінәсі апатқа қатысушылар арасында келіспеушілік туғызбайды және декларацияда тіркеледі.
Келтірілген шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 369 мың теңгеден аспауы тиіс. Барлық шарттардың сақталуы маңызды, егер сақталмаса – қатысушылар полиция қызметкерлерін шақыруға міндетті, жол-көлік оқиғасы белгіленген тәртіппен рәсімделеді.