Спорт

Өңірдегі 3 ауданда жабық хоккей корты салынып жатыр

Кейінгі жылдары облысымызда қысқы спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оған дәлел – өңірде бүгінге дейін 16 жабық хоккей кортының бой көтеруі. Былтыр Шал ақын ауданындағы Повозочное, Ақжар ауданындағы Талшық және Тайынша қаласын қоса алғанда 3 нысан халық игілігіне берілді. Қазір осындай тағы 3 корттың құрылысы жүріп жатыр. Олар Айыртаудағы Саумалкөл, Жамбыл ауданының орталығы Пресновка мен Сергеевка қаласында орналасқан. Биылғы жылға жоспар ауқымды десек болады. Бескөлде жабық хоккей кортын, Мамлюткада дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға қаржы бөлініп отыр. Жалпы, өңірде жыл сайын 240 мың адамды қамтитын 1200-ден астам спортық іс-шара ұйымдастырылады.

 

Ақжүніс Мұқатай