Қоғам

Қазақстанның еңбек нарығы жыл сайын 300 мыңнан астам жас кадрмен толығады

Қазақстанның еңбек нарығы жыл сайын 300 мыңнан астам жас кадрмен толығады. Мұндай пікірді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Шалқар Байқұлақов айтты. 2030 жылға қарай 15-34 жас аралығындағы отандастарымыздың саны шамамен 6 млн адамды құрайды деп күтілуде. Олардың 114 мыңы аққайыңдар өлкесінде тұрады деген болжам бар. Соңғы 5 жылда жастардың 78 пайызы жұмысқа орналасқан. Қалған 22 пайызы – өзін-өзі еңбекпен қамтығандар. Қыз-жігіттердің басым бөлігі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын емес, сауданы таңдаған.

 

Байболат Құлтанов