Оқулықтардың электронды форматқа көшірілуі, білім беру жүйесін дамыту және оның сапасы. Біреуінен алда, енді біреуінен кешеуілдеп келе жатқан еліміздегі білім сапасын да күн тәртібінен түсірмеуіміз керек. Бұл салада өзінше цифрландыруды, заманауилықты талап етеді. Осындай тың ақпараттар тілге тиек етілген мектеп директорларының форумына 2-ші Бескөл орта мектебінің директоры Ботагөз Батанова да барып қайтты.
БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 Бескөл орта мектебінің директоры:
– Әлемдік кеңістіктегі мектептердің қатарына өту, білім саласын дамыту – мемлекет басшысының қойып отырған саясаттарының бірі. Ол жол түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Аянбай еңбек етуіміз керек. Бұл – тек бізден ғана емес педагогтар мен ата-аналардан күтілетін жауапкершілік. Алдағы сол мақсатқа жетеміз деп ойлаймын.
Директор – білім ұясындағы ұжымды алға жетелеуші жан. Мойнына артылған жауапкершілік орасан. Білім сапасын, бала тәрбиесін, одан қалды тазалыққа дейін көз алдында ұстау – мектеп басшысының міндетіне кіреді. Бұл жауапкершілікті директордың қызметінде 15 жылдық өтілі бар Ботагөз Батанова да сезінеді.
БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 Бескөл орта мектебінің директоры:
– Әрине, бірден өзгере сала алмаймыз. Ол үшін педагогтерді кәсіби дамыту керек. Мықты мақсаттар қойылуы тиіс. Жаңа идеялармен таныс болулары міндет. Сол кезде ғана министріміз талап еткендей білім сапасы көтеріледі, дұрыс тәрбие беріледі. Мектепті әлемдік деңгейге жеткізу – бүгінгі күннің ең үлкен талабы.
Мұндай республикалық форумдардың берері көп. Тыңдалған түрлі идеялар мен ақпараттар ой елегіген өтеді. Әрине, әркім өзіне керегін алады.
БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 Бескөл орта мектебінің директоры:
– Осы форумға қатысқаннан кейін мен өз алдыма мақсат қойдым. Яғни, заман талабына сай қызмет ету. Өзгерістерге даяр болу. Мектеп ұжымын сол өзгерістерге бейімдеу және сапалы білім бері, жақсы тәрбие беру жолында аянбай қызмет ету.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Ал ол ұрпаққа сапалы білім сіңіру – ең әуелі ұстаздардың қолында.
Ақжүніс Мұқатай