Былтырғы жыл диқаншылар үшін оңай соқпағаны анық.
Құрғақшылық алқаптағы егінге кесірін тигізбей қоймады, ал кешеуілдетіп жауған жаңбыр астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді. Өткен жылдың 5-ші желтоқсанынан бастап қиын жағдайға тап болған ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау шаралары іске қосылды. Осы мақсатта Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 2023 жылғы астық сапасының төмендеуіне байланысты Үкіметтің резервіндегі қаражатты пайдалана отырып, 4-ші, 5-ші класты және классыз бидайды тікелей сатып алуды бастады. Астықты тапсырып, төлемдерін алып үлгерген серіктестіктердің бірі – «Әлти Гарант» пен «Токуши Grain».
ЖОМАРТ ОМАРОВ, «Токуши Grain» ЖШС басшысы, Аққайың ауданы:
– 4-ші сыныптағы бидайымызды 105 мыңнан тапсырдық. Көктем келе жатыр, оған тыңайтқыштарды аламыз, алатын қосалқы бөшектеріміз бар дегендей. Нарықта 4-ші сыныптағы бидайға 80 мың теңге беріп жатса, 100 мың теңге деген шаруашылықтарға үлкен көмек. 800 тонна тапсырдым.
Білікті кәсіпкер Жомарт Омаров ауылшаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттің қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
ЖОМАРТ ОМАРОВ, «Токуши Grain» ЖШС басшысы, Аққайың ауданы:
– Қиыншылық кезінде жақсы көмек көрсеткен – Азық-түлік келісім шарт корпорациясы. Шаруашылығымның құрылғанына – 5 жыл. Осы уақытқа дейін ұжыммен жұмыс істеп келе жатырмын. Мамандар сапасы өте төмен бидайды да сатып алып жатыр.
Енді бағаларға шолу жасасақ. 4-ші класты бидайдың 1 тоннасы 105 мың теңге тұрады, 5-ші класты өнімнің бағасы 70 мың теңгеден басталып 90 мыңға дейін жетеді. Сортсыз дәнді дақылдың құны сапасына қарай өзгереді. Облыс бойынша квота 95 мың тоннаны құрап отыр. Сатып алу азық-түлік корпорациясының рұқсат етілген 21 элеваторында жүзеге асырылады.
ҚАНАТ БЕЙСЕНОВ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры:
– Қазіргі уақытта 4-ші классты бидайды сатып алуды тоқтаттық. Себебі, квотаны орындадық. Енді 5-ші класты және классыз астықты қабылдап жатырмыз. Өнімді өткізу үшін тиісті құжат көлемі керек. Алдағы уақытта классыз бидайды Қытайға саудалауды жоспарлап отырмыз. Олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, өнімді өңіріміздегі құс фабрикаларына және мал шаруашылығымен айнылысатын жандарға сатпақшымыз.
Айта кету қажет, облыста несиесін қайтармаған шаруашылықтар да жоқ емес. 2023 жылы астық сапасының нашарлауына байланысты кейбір кәсіпкерлер жалпы көлемі – 19,5 млрд теңге берешек. Мамандар форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін осы жылдың 1-ші қазанына дейін ұзартпақ.
Гүлден Сембаева