Кел, шәй ішейік! «Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы өкілдері қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділерімен бірлесіп осындай акция өткізді. Науқан барысында шаһар көшелерін қардан тазартатын коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен бауырсақ берілді. Еріктілер әрбір қала тұрғыны осы жандардың еңбегін бағалауы тиіс деп санайды. Айта кетейік, аталған науқан «Ізгілік аптасы» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Ақжүніс Мұқатай