Өткен жылы Қазақстанда волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталып, нәтижесінде ұйымдардың саны 3 есеге артты. Қазір волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұмыс істейді. 60 мыңнан астам ұл-қыз Qazvolunteer.kz онлайн платформасына тіркелген. Сондай-ақ, 150-ден астам жоба және 700-дей бастама іске асырылды. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған “Волонтерлік қызмет туралы” Заңға түзетулер енгізілді. Үкімет еріктілікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітіп отыр. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Негізгі назар салалық волонтерлікті алға жылжытуға бағытталған.
Ақжүніс Мұқатай