РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, СҚО әкімінің орынбасары:
– От имени акима СКО Гауеза Торсановича Нурмухамбетова, от себя лично искренне поздравляю вас с днём рождения, желаю вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, семейного благополучия.
Бүгін көп жылғы адал еңбегі және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Қабиден Сәдуақасов облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен «Еңбек Ардагері» медаліне ие болды. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшы 63 жасқа толып отыр. Азамат еңбек жолын сонау 1983 жылы Целиноград облысында бастаған. Яғни, 40 жылдан астам тер төгіп жүр.
ҚАБИДЕН СӘДУАҚАСОВ, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” СҚОФ басшысы:
– 2008 жылы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына депутат болып сайландым. Одан кейін «Астана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 1,5 жыл директор болдым. 2011 жылы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы ретінде тағайындалдым. Ол жерде 2019 жылдың мамыр айына дейін жұмыс істедім. 2020 жылдан бері филиал басшысымын. Мұндағы мамандар өте білікті әрі сауатты деп айта аламын.
Еңбектің зейнетін көрер күн жақын. Жуырда Қабиден Сәдуақасов құрметті демалысқа шығады. Салтанатты жиында азаматқа әріптестері тарапынан да көптеген жылы лебіздер айтылды.
ЗУРА КЕНЖЕҒАЛИЕВА, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” СҚОФ бас агрономы:
– Әріптесім Қабиден Сәдуақасов – жауапкершілігі мол тұлға. Жұмысын асқан тиянақтылықпен атқарады. Талапшыл. Әріптестерімен де жақсы қарым-қатынаста.
МҰРАТ ӘМІРОВ, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” СҚО Қызылжар аудандық филиалының басшысы:
– Ең үздік басшылардың бірі деп нық сеніммен айта аламын. Жеке өмірі мен кәсіби жұмысын қатар алып жүреді. Зор денсаулық тілеймін!
Ақжүніс Мұқатай