– Елімізде Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай қаласында үш академиясы бар. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында біздің заң институты орналасқан.
Петропавлдық жоғары сынып оқушылары Малкеждар Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілдерімен кездесті. Ұл-қыздарға оқуға түсу тәртібі мен полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы айтылды. Ақтөбелік мамандар учаскелік инспекторлар, патрульдік, ювеналдық полицейлер мен басқа да қызметтерді дайындап шығарады. Оқуға түскен курсанттар шәкіртақы алады.
– Таңғы алтыда оянып, төсек-орындарыңызды жинайсыздар, жуынған соң, жаттығу жасайсыздар, жүгіресіздер. Сосын таңғы асқа барасыздар. Таңғы астан кейін плацта саптық дайындық өтеді, кейін сабақтар басталады. Түстен кейін, төртке дейін курсанттарға өзін-өзі дайындауға уақыт беріледі.
Тілдесу барысында полицейлер үміткерлерге қойылатын талаптарды жіпке тізді. Сонымен қатар, оқуға түсу үшін ақпан-мамыр айлары аралығында тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгіну қажеттігін еске салды.
Гүлден Сембаева