Петропавлда акробатикадан Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, өңірде акробатиканың негізін қалаушылардың бірі Анатолий Ямпольскийге арналған халықаралық турнир бастау алды. Бұл дода жыл да өтеді. Ашылу салтанатына атақты жерлесімізің қатарластары мен әріптестері де қатысты.
ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, СҚО Құрметті азаматы:
– Мен Анатолий Ямпольский жайлы Ташкентте әскерде болғанда естідім. Іздедім. Петропавлда кездестік.
Адамгершілігі зор тұлға, өз ісінің хас шебері! Аға буын өкілдері Анатолий Ямпольскийге осылай баға береді. Турнир халықаралық маңызға ие. Жарысқа жыл сайын Қазақстанның аймақтарынан бөлек, Ресей мен Өзбекстаннан спортшылар келеді.
КСЕНИЯ МАСТЕРКОВА, турнирге қатысушы, РФ:
– Біз бір мектепте оқимыз. Акробатикамен 10 жылдай айналысамыз. Алайда, тобымыздың құрылғанына көп болған жоқ. Петропавлға осымен екінші мәрте келіп отырмыз. Жеңімпаз атану – біздің басты мақсат.
Турнир қаңтардың 16-сы күні мәресіне жетеді. Жарыста 9 бен 18 жас аралығындағы спортшылар бақ сынайды. Қоса кетейік, халықаралық дода 380 жастың басын қосып отыр.
РИНАТ БЕЛОГОНОВ, спорттық акробатикадан МБЖСМ басшысы:
– Жарыс 4 бағытта өтеді. Біріншісі – акробатика. Одан бөлек, батутта, акробатикалық жолақта секіру және арнайы жабдықта өнер көрсету бар. Жарыс 3 күнге созылады. Қазақстанның 9 қаласынан балалар келіп отыр. Еліміздің намысын шамамаен 200-ге жуық спортшы қорғайды.
Жарыстың алғашқы күні қатысушылардың көңілін көтеру әрі сәттілік тілеу үшін ортаға Аяз ата шығып, балаларға сыйлықтар таратты.
Байболат Құлтанов