Ауыл шаруашылығы

Петропавлда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Петропавлда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Табиғи таза әрі бағасы арзан азық-түлік сатылған жердің бірі – «Қызылжар-Ақбастау» базары. Мұнда 8-ден халық жиналды. Ал тауар өндірушілер 7 кезінде келіп, әкелгендерін қаз-қатар тізіпті. Кенжебай Бірімжановтың өнімі көпшіліктің көңілінен шыққанға ұқсайды. Азамат жарты сағаттың ішінде 1 қойдың етін сатып үлгерген.

КЕНЖЕБАЙ БІРІМЖАНОВ, Бәйтерек ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– 2 қой мен 50 литр сүт әкелдік. Сондай-ақ, 15 қаз бен 20 үйрек жеткізілді. Барлығы – ауылдан, табиғи, таза. 0:54-1:05/ 2-ші қойды бөліп, үстелге қойдық. Қойдың еті жақсы саудаланып жатыр.

Жәрмеңкеде өзгелері де жақсы саудаланды. Жылқы мен қара малдың еті, сүт және жұмыртқа. Бұларды халық жаппай сатып алды. Себебі, баға әжептәуір төмен. Мысалы, соңғы аталғанының 10 данасы 420 теңгеден өтті. Ал ақтың 1 литрі 200 теңге тұрды. Қолдарына азық-түліктің түр-түрін ұстаған тұрғындар дән риза.

– Бәрі бар екен. Тауар осылай ауданнан келе берсін.

– Қаймақ алдым. Базардағы бағадан өте төмен.

«Қызылжар-Ақбастау» – жәрмеңке өткен 3 базардың бірі. Мұнда Аққайың мен Қызылжар аудандарының өндірушілері әкелгендерін сатты. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаевтың айтуынша, жалпы Петропавлдағы саудаға 5 тонна тауар шығарылыпты.

ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

– Әр апта сайын сенбі күні 3 базарда жәрмеңке ұйымдастырамыз. Біздің баға нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен. Жәрмеңкеге 6 аудан қатысып. 8 млн теңгеге 5 тоннадан артық өнім әкелдік. Шара “Дарья”, “Алтын арман” және «Қызылжар-Ақбастау» базарларында өтіп жатыр.

Көп ұзамай қорытынды да шығарылды. Дәстүрлі жәрмеңкеде 4 тоннадан астам 6 млн теңгенің өнімі сатылған.

 

Гүлден Сембаева