Қоғам

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін былтыр 4,9 мыңнан астам объект бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында былтыр жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымның 4 926 объектісін бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізді. Жалпы, соңғы 3 жылда барлығы 13 800-ден астам нысан бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жоспардың орындалуы 7 өңірде 90 пайыздан төмен, соның ішінде СҚО-да бар. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы ел бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 1 783 тексеру жүргізді. Нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берілді, 98,4 млн теңге сомасына 467 әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта елде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Ол 2025 жылға дейін жобаланған.

 

Гүлден Сембаева