Спорт

Алғашқы жеңіс

Осы күндері петропавлдық «Қызылжар» футбол клубы Түркияның Белек қаласында алдағы маусымға дайындалып жатыр. Алғашқы оқу-жаттығу жиындары барысында команда өзбекстандық «Навбахор» ұжымымен жолдастық кездесу өткізді. Матч 2 де 1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан голдарды Борис Смилянич пен «Қызылжардың» жаңа ойыншысы Алексей Щебетун соқты. Әзірлік жұмыстары аясында жергілікті клуб тағы 5 ойын өткізеді. Кезекті кездесу ертеңге жоспарлаған. Қаңтардың 16-сы күні петропавлдық ұжым венгриялық командамен күш сынасады.

 

Байболат Құлтанов