Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес күшіне енді. Зейнетақылар зейнетақы жинақтарының мөлшері мен күнкөріс минимумын ескеретін формула негізінде есептеледі. БЖЗҚ-дан ең төменгі төлем мөлшері жыл басынан бері 30 384,9 теңгені құрады.
Кейінгі жылдары зейнетақылар 5% – ға индекстелетін болады. Егер зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, төлем біржолғы жүргізіледі. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетке шыққан адамдар алдыңғы әдістемеге сәйкес зейнетақы алады.