«Қызылжар» футбол клубының мүмкіндігі сыналмақ! Қазіргі таңда петропавлдық ұжым Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Алдағы маусымға әзірлік жұмыстары аясында теріскейлік команда ақпанның 10-ы мен 22-сі аралығында Ресей бiрiншi дивизионы Кубогында бақ сынамақ. Топтағы қарсыластар белгілі. «Қызылжар» мәскеулік «Родина» және «Амкал» клубтарымен күш сынасады. Өкінішке қарай, жергілікті ұжым сапынан бірнеше аяқдоп шебері кетті. Олардың қатарында Лука Имнадзе, Иван Граф, Юрий Бушман және Пабио Подио сынды үздіктер бар.