Қоғам

СҚО-ға Мәжіліс депутаты Сейтжан Кенжеғұл келді

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Мәжілісінің депутаты Сейтжан Кенжеғұл келді. Ол облыс орталығында мүгедектігі бар жандарға көмек көрсететін ұйым өкілдерімен кездесті. Жиында жарымжан жандардың құқықтарын қорғау турасында сөз қозғалды.

СЕЙТЖАН КЕНЖЕҒҰЛ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Бір ай бұрын тұрғын үй мәселелері бойынша ауқымды жиын өтті. Бірден айтқым келетін жайт, үшінші топтағы мүгедектер баспанамен қамтылатындардың тізіміне лекпеді. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл санат еңбекке жарамды. Ал бірінші және екінші топтағы жандар жалға берілетін үйдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ. Әлеуметтік кодекске өзгертулер мен толықтыруларды наурыз айында енгіземіз.

Осыдан соң кезек сұрақ-жауапқа келді. Қаламыздағы «Мой ребенок» ҚБ жетекшісі Татьяна Ковалева кездесуге базынамен келіп отыр. Ол облыста мерекелерге байланысты бірреттік төлемнің жасалмайтынын алға тартты. Мұндай қолдау кейбір өңірлерде бар екен. “Мемлекеттен осындай демеу болса, нұр үстіне нұр болар еді”,- дейді азаматша.

ТАТЬЯНА КОВАЛЕВА, «Мой ребенок» ҚБ жетекшісі:

– Есть инвалиды, которые просто выживают на то пособие, которое у них есть. 00:24 У них съемное жильё, лекарства, поэтому единовременное пособие немножко бы облегчило их жизнь.

СЕЙТЖАН КЕНЖЕҒҰЛ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Пишите нам депутатам Мажилиса. И у нас уже будет законное право спросить у акимов и у акимата, куда вы эти деньги выделили. Написали, официально вам дали ответ, если не устраивает, ещё пишите и ещё раз. За каждую копейку они должны нести ответственность.

Қағазбастылық мәселесі туындап тұр. Бұл ретте Мәжіліс депутаты «Инклюзивті парламент» депутаттық тобының өкілдерінен Татьяна Ковалеваға көмек көрсетуді сұрады.

 

Гүлден Сембаева