Қоғам

Аптаның соңында аяз көтеріледі

Тұрғындарға құлаққағыс! Теріскейде тағы да температура төмендейді. Синоптиктер 2024 жылдың 11-13 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды. “Қазгидромет” кәсіпорнының мәліметінше, жақын күндері аққайыңдар өлкесінде ауа райы өзгереді. Солтүстік өңірлерде қар мен жел тыйылып, аяз көтерілмек. Бұл түрлі маңыздағы жолдарда көктайғаққа алып келуі ықтимал. Осыған байланысты мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.

 

Мәдина Қаби