Қазақстан жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қауіпті инфекцияларға қарсы міндетті вакцинация енгізу мүмкіндігіне түсініктеме берді

“Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. 800 мың бала вакцинацияланбаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер медициналық қарсы көрсетілімдер болса, вакцинациядан бас тартуға болады”, – деді Ажар Ғиният Үкіметте өткен брифингте.

Ол ауыр аллергиялық реакциялар мен иммун тапшылығы жағдайларын атап өтіп, олардың негізгілерін атады.