Петропавлда қазақ күресінен облыс чемпионаты басталды. Дәстүрлі дода 100-ден аса жастың басын қосты. Бәрінің шеберлігіне жоғары баға беруге болады.
АСЫЛХАН БОЛАТОВ, жарыстың бас төрешісі:
2007-2011 жылғы жасөпірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтуде. Үлкендер 19 салмақ дәрежесі бойынша белдессе, кішілер 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Бүгін 2009-2010 жылғы жасөспірімдер күресуде. Ертең 2007-2008 жылғы балалар мен қыздар бозкілемге шығады.
Бұл – Саят Секен. Ол «Шаңырақ» спорт мектебінен келіп отыр. Тимирязев ауданының тумасы күрес әліппесімен осыдан бірсыпыра жыл бұрын танысыпты.
САЯТ СЕКЕН, қатысушы:
– Қазақ күресімен 10 жыл бойы айналысамын. Облыстық деңгейдегі жарысқа қатысып, олжалы болып жүрмін. Республикалық додаларда да бақ сынадым. Жаңа 2 қарсыласты жеңдім, енді біреумен шеберлік сынамақпын.
Бұл – республикалық жарысқа іріктеу. Облыс біріншілігінде оза шапқан палуандар ақпан айында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына барады.
Мәдина Қаби