Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау басты назарға алынды. «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өңірде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, 55 мобильді топ құрылды. Мамандар 200-ден астам рейд өткізді. Мерекенің сәні сатылатын орындарға да ерекше назар аударылды. Полицияның мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда сатылған барлық шырша Ресей Федерациясынан әкелінген. Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша аймақта қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактісі тіркелмеді. Тек тауарды белгіленбеген жерде өткізумен айналысқан 24 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.