Тақырыпты әрмен қарай жалғайық! 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 242 теңгеге ұлғайды. Бұл міндетті жарналарға, әкімшілік айыппұлдар мен қылмыстық жазаларға, заңды тұлғалардың экономикалық көрсеткіштеріне, жәрдемақыларға және айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір санымен өлшенетін басқа да әлеуметтік төлемдерге тікелей әсер етеді. Яғни, осы аталғандардың барлығы өседі.