Қоғам

ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрі петропавлдықтарды мерекемен құттықтады

Тұрғындарды таңдай қақтырған бастама! Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының оркестрі петропавлдықтарды Жаңа жыл мерекесімен ерекше бағытта құттықтады. Бұл жолы ұжым концерт залында емес, “Рахмет” сауда ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Аспаптың сан түрін меңгерген талантты теріскейліктер түрлі жанрдағы музыкаларды жоғары деңгейде орындап, жүрекке жеткізді, көрерменнің көңілін көтерді. Кейін негізі сонау 97-ші жылы құрылған оркестр “Dostyq mall” орталығында халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Мәдина Қаби