Қоғам

СҚО-да биыл ХҚКО операторлары 400 мың қызмет көрсеткен

Қазақстандықтар биыл Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 31 млн-нан астам қызмет алды. 17 млн-ға жуық қызметті азаматтар операторлардың көмегімен рәсімдеген, ал 15 млн-нан астамын өзіне-өзі қызмет көрсету секторында алған. Тұрғындар ЭЦҚ, жеке куәлік пен паспорт рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу қызметтеріне жиі жүгінген. «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы артты дейді мамандар. Аталған жүйе арқылы биыл 300 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Мемлекеттік корпорация келер жылы да процестерді автоматтандыруды жалғастырады. Солтүстік Қазақстан облысына жекелей тоқталып өтсек, өңірде орталық мамандары 400 мың қызмет көрсеткен. 520 мың өтініш өз-өзіне қызмет көрсету секторы арқылы қабылданды.