Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда банк омбудсменінің азаматтардың барлық кредиттері бойынша дауларды реттеу міндетін енгізу ұсынылады

“Соңғы жылдары тұтынушылық кредиттеудің өсуі аясында азаматтардың, оның ішінде депутаттардың атына проблемалық берешек деңгейін төмендетуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштері байқалады. Алайда, қазіргі уақытта Банк омбудсмені тек ипотекалық несиелер бойынша дауларды қарастыруда. Осыған байланысты, банк омбудсменінің азаматтардың барлық кредиттері бойынша дауларды реттеуді жүргізу міндетін енгізу ұсынылады. Сондай — ақ, банктер, МҚҰ және коллекторлар үшін банк омбудсменінің шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі”, – деді Мәжіліс депутаты Мәди Такиев Мәжілісте кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту жөніндегі заң жобасын таныстыру барысында.