Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көлікпен соқтығысып қалмау үшін жүргізуші рөлді тротуар жаққа бұрамын деп жаяу кетіп бара жатқан адамды қағып кетті. Солтүстікқазақстандық полицейлер осындай оқиға желісін кезекті практикалық сабақта қолданды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған дәріс күндіз және түнгі уақытта тіркелетін жол-көлік оқиғалары болған жерді жіті тексеруге арналған семинар-кеңес аясында өткізілді.
СЕРГЕЙ ТАБАРИН, СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы:
– Аталған сабақтар жол-көлік оқиғалары болған жерді тексеруге, оқиға орнының сызбасын құруға және тексеру хаттамасын жазуды пысықтауға арналған.
Жас мамандарға жол-көлік оқиғасы сызбасын жасау кезінде ескерілуі тиіс ерекшеліктер туралы айтылды. Яғни, оқиғаға себепшілердің қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс бағыты, жол төсемі, жарықтың түсуі сияқты тұстардың дұрыс сипатталуы да қамтылды. Практикалық сабаққа облыстық сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Дәуренбек Қаженов, полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Евгений Богачев пен тәжірибелі анықтаушы Анатолий Ширинский қатысты.
– Ну как при 60 ему, чтобы остановиться, это ему ещё сколько надо метров проехать, т.е. этот замер будет неправильный.
Білікті мамандардың айтуынша бұндай іс-шараларды өткізу жас қызметкерлерді кәсіби дағдыларға үйрету мақсатында және жол-көлік оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу сапасын арттыруда аса қажет.
Мәдина Қаби