Қалалық мәслихаттың отырысында 2024-2026-шы жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылды. Жиын барысында қаржы бөлімінің басшысы Марат Ерханов әзірге бір жылға қарастырылып отырған кіріс пен шығысқа тоқталды.
МАРАТ ЕРХАНОВ, қалалық қаржы бөлімінің басшысы:
– Келер жылы қала бюджетінің жалпы көлемі 36 млрд 478, 5 млн теңгені құрамақ. Салық түсімдері 28 млрд 845,4 млн теңге шамасында болады. Салықтық емес түсімдер – 321 млн теңге. Негізгі капиталды сатудан түсетін кіріс 7 млрд 312,1 млн теңге шамасында болады.
Марат Ерханов баяндамасын оқып болғаннан кейін жиынға қатысушылардан біраз сұрақ қойылды, сын да айтылды.
Айтуларынша баяндама оқушы маңызды отырысқа дайындалмай келген. Есептің өзі тыңдаушыларға танысу үшін кешіктіріліп жіберіліпті. Сұрақ қойылып еді оған да мардымды жауап бере алмады. Өзекті мәселе ТҮКШ бөліміне қатысты. Айта кетейік, осы салаға келер жылы 7 331,9 млн теңге бөлу қарастырылып отыр.
– ЖХК при месячной у них силы и средств, но не в состоянии выполнить те объемы, которые на него возлагаются. 16 направлений на 17 госслужащих. И мы сейчас опять 7 миллиардов на них вешаем. Это уже не первое предложение о реорганизации ЖКХ.
– Эти предложения поступают как от депутатов, так и от самих госслужащих, потому что нагрузка огромная. И порой из-за этого, сама ответственность растворяется. Мы пересмотрим структуру ЖКХ обязательно.
2024 жылы қаланың құрылыс саласына 1 млрд теңгеден астам сома бағыттау жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт бағытына 389 млн теңге қарастырылған. Басқарма аппараттарына бағытталатын қаржы – 1 842 млн теңге. Әскерге шақырту науқанына арналған сома 93 млн теңгеден асады, ал БАҚ арқылы жүргізілетін мемлекеттік саясатты іске асыруға 112 млн теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған.
Гүлден Сембаева