Қоғам

Петропавлдағы жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды

Жаңа жылға тура 1 апта уақыт қалды. Ерекше сезіммен күтілетін мерекенің жақындағаны сезіліп жатқандай. Кеше қаладағы басты алаңға еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін зәулім шыршаның жанғанын көру үшін көптеп жиналды. Әзірге, қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама мен шоулар ұсынылды.

Жыл санауы бойынша 2024 – Ұлу жылы кіреді. Ырым-тиымға сенетін халқымыз әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар деп санайды. Әрине, әр жылдан ерекше бақыт күтеді. “Жаңа жыл жақсылыққа толы, берекелі-мерекелі жыл болсын” деген сөзді бұл мереке қарсаңында жиі естейтінімізде содан. Мерекенің символы Аяз ата мен Ақшақар сахна төріне шығап барша солтүстікқазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, көптен күткен зәулім шыршаны жақты.

Халыққа көңіл-күй сыйлау үшін қаладағы ботаникалық бақша белсенділері де барларын салды.

– Поздравляю всех североказахстанцев с наступающим Новым годом!

Қызылжарлықтарға жарқын концерттен бөлек, мерекелік отшашу ұсынылды. Ұзақтығы 10 минутқа созылған әсемдікті жұртшылық бір сәт тыныштықпен тамашалады. Көздің жауын алатын түр-түске боялған аспанды суретке де түсіріп алып жатты.

Жексенбінің кешінде ерекше суық теріскейліктердің көңіл көтеруіне еш кедергі бола алмады. Теріскейліктер халыққа ұсынылған шараға алғысын айтып, келе жатқан мейраммен құттықтады.

 

Ақжүніс Мұқатай