Бұл – Қызылжар ауданындағы Гончаровка ауылы. 100-ден астам тұрады. Шағын ғана елді мекенде бар жағдай жасалған. Әр үйге су тартылған, көшелерге шам орнатылған. Жол қардан үздіксіз тазартылып тұрады. Мұнда ауыл аттас серіктестік бар. Кәсіпорын барлығы – 400-ге жуық адамға пай беріп отыр.
ХАБИБУЛА ДӘУРЕНБЕКОВ, “Гончаровка” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
– Уақытылы пайларын береміз. Шөп, сабан ретінде. Жұмысшыларға барынша көмектесіп отырамыз. Біздің жеріміз 5 ауылда бар. Бидайдың сапасы жақсы. Халық ренжіп жатқан жоқ.
Әр азаматқа берілетін бидайдың көлемі 4 центнерді құрайды.
Орал Қабдулин “Гончаровка” серіктестігінде бригадир болып жұмыс істейді. Жері де осында. Айына 200 мың теңге жалақыдан бөлек, жыл сайын жарнапұл алып тұрады.
ОРАЛ ҚАБДУЛИН, “Гончаровка” ЖШС бригадирі, Қызылжар ауданы:
– Пай үлесін аламын. Еңбекақымды да жыл сайын алып отырамын. Автобусымыз да күні бойы жүріп тұрады. Шөбімді, жемімді алып тұрамын.
Гончаровка – Березовка ауылдық округіндегі 5 елді мекеннің бірі.
Үшеуінде мектеп бар. Осы серіктестік үш мектептегі бастауыш сынып оқушыларын тегін аспен қамтамасыз етіп отыр. Айта кетейік, ауылдық округте 2 мыңға жуық адам тұрады.
ВЛАДИМИР РУДЕР, Березовка ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:
– Өткен жылы Долматово ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткіздік. Енді шатырын жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. Бұл жұмысты келесі жылы бастаймыз.
Бірлігі жарасқан Вагулино ауылының өмірі қайнап тұр. Мұнда мектеп те, мәдениет үйі де бар. “Вагулинское” серіктестігі алдағы Жаңа жыл мерекесіне дайындық қамымен 6 млн теңге бағыттаған.
Өнерпаздарға да қол ұшын созуда аянбайды. Олардың құрал-жабдықтары мен киім-кешегіне 5 млн теңге жұмсаған. 19 жыл бұрын құрылған серіктестік өкілдері белгілі бір жерге орын тепкен бизнес ошағы сол жердің көркеюіне де ат салысуы керек деп санайды.
Егін егумен айналысатын кәсіпорын басшылығы азаматтардың пайларын да уақытылы беріп тұрады.
ОЛЬГА КОЧНЕВА, “Вагулинское” ЖШС бас бухгалтері, Қызылжар ауданы:
– Бізде 700-ге жуық пайшы бар. Оларға жыл сайын жиынтық көлемі – 18 млн теңге төлейміз. Тұрғындар өз үлестерін ақшалай немесе жем-шөп түрінде алады. Пайды уақытылы береміз. Кешіктіру деген жоқ.
– Біз пайды бидаймен аламыз. Негізі, бір адамға 4 центнерден беріледі. 6 бауырым бар. Олардың барлығы өз үлестерін тиісті көлемде алып жүр.
– “Вагулинское” серіктестігі ауыл тұрғындарына зор қолдау көрсетеді. Жолды қардан тазалап тұрады. Тиісті жарнапұлды да уақытылы төлеп тұрады.
Пресновка ауылы да жылдан-жылға көркейіп келеді. Любовь Сизоненко осы елді мекенде туып-өскен. Ол өз үлесін «Витязь» серіктестігінен алады.
ЛЮБОВЬ СИЗОНЕНКО, Пресновка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
– Үлесім – 4 пай. 4 тоннаға жуық астық аламыз. Бүгін серіктестегілер пайдың қалған бөлігін жеткізіп берді.
ГЕРМАН КОРНЕВ, “Витязь” ШҚ директоры, Қызылжар ауданы:
– Бізден 130 адам пай үлесін алады. Әрқайсысының жер үлесі 8,8 гектарды құрайды. Жарнапұлды барлығына уақытылы беруге тырысамыз.
150 тұрғыны бар Пресновка ауылы Лесное ауылдық округіне кіреді.
Мұнда мыңнан астам адам тұрады.
Гүлден Сембаева