Президенттің тапсырмасы шеңберінде тауар биржаларының жұмысындағы өзгерістерді көздейтін заң жобасы әзірленуде. Атап айтқанда, оларды микро және шағын кәсіпкерлік санатынан алып тастау, стандартталмаған тауарлармен саудаға тыйым салу, сондай-ақ биржаға қатысушылар үшін мемлекеттік бақылау мен біліктілік талаптарын қатаңдату жоспарлануда.
Министр сондай-ақ көмір, бидай, мұнай өнімдері және кейбір азық-түлік тауарлары сияқты әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларды бөлу жоспарын атап өтті. Бұл тауарлармен сауда тек халықаралық стандарттарға сәйкес келетін биржаларда жүзеге асырылады. Сондай-ақ салықтық преференцияларды және логистикаға т/ж тарифтерін төмендетуді қоса алғанда, отандық АӨК өндірушілері мен экспорттаушыларды қолдаудың ынталандыру шаралары жоспарлануда.
“Жалпы, халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз ашық нарықтық баға қалыптастырумен және сауда ағындарын толық цифрландырумен биржалық Үшбұрыш аламыз”, — деп түйіндеді Арман Шакқалиев.