ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тиісті бұйрыққа қол қойды. Түзетулер жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде қызметкердің орташа жалақысын есептеуге қатысты. Сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы үшін жалақыны есептеуге қатысты толықтырулар енгізілді. Жұмыс берушілер жұмысшылардың жағдайын нашарлатпайтын басқа есептеу тәртібін белгілей алады. Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі жұмыс уақытының теңгерімі ескеріле отырып жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, бос тұрған жағдайда төленген сомалар орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтіні атап өтілді.