МТРА жаңалықтары

Шал ақын ауданында жортып жүрген 400 бас жылқының иесі табылды

Жұртты шулатқан 400 бас жылқының иесі табылды. Еске сала кетейік, Шал ақын ауданындағы Белоглинка ауылының тұрғындарын әбігерге салған үйір жылқы арнайы шашпаға қамалған болатын. Жануарлардың Айыртау ауданындағы Сулыкөл ауылының жылқысы екені анықталды. Бақташы үйірден айырылып қалған көрінеді.
Мал иелеріне қайтарылды. Ал одан көз жазып қалған бақташы жануарлар жеп кеткен шөптің орнын толтыруды өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша 5 АЕК – 17 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынады.

 

Мәдина Қаби