Тайынша ауданында түнде жолда жүйткіп келе жатқан «Lada Granta» автокөлігі жылқыны соғып кетті. Оқиға түнгі 3 жарымда «Көкшетау – Омбы» автожолында болған. Көлік тізгіндеген ақжарлық 58 жастағы тұрғынның айтуынша жол үстіне кенеттен үйір жылқы шыға келген. Ер адам көлікті тоқтатуға тырысқанымен одан түк шықпаған. Жүргізуші дін аман, жылқыға да зақым келмепті. Көлік бүлінген. Қазір аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері апатқа себеп болған жылқының иесін іздестіріп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері осындай оқиғаға қатысты 3 жарым мыңға жуық хаттама толтырылған.
Ақжүніс Мұқатай