Қоғам

Жолшылардың жұмыс қорытындысы

Жол активтері ұлттық сапа орталығы филиалының өкілдері жыл басынан бері атқарған жұмыстарын қорытындылады. Мамандар 160-тан астам жол учаскесінде атқарылған істің сапасын тексерген. Нәтижесінде 200-ге жуық ақау анықталыпты. Оның 140-тан астамы түзетілген, қалғанына қатысты тиісті жұмыс жүріп жатыр. Филиалдың өзінде 1500-ден астам жол-құрылыс материалы тексерілді. Алынған сынамалардың 37 пайызы нормативтік талаптарға сай келмеген.

МАРАТ ДАРБАЕВ, “Жол активтері ұлттық сапа орталығы” РМК СҚОФ зертхана меңгерушісі:

– Биыл қаланың өзінде біраз жұмыс атқарылды. Ең көп ақаулықтар пайда болған «Грандэ» компаниясында. Жол бетінде алған керндер сынамадан өтпеген. Жөндеу жүргізіліп жатқан жолдарда инженерлер жүреді. Олар ақаулықтарды өз планшеттеріне жазып алып отырады.

Жаңадан төселген тас жол сынамадан өтпесе, мердігерге оны қайта жөндеуге тура келеді.

ЕРКІН ӘБІЛМӘЖІНОВ, “Жол активтері ұлттық сапа орталығы” РМК СҚОФ инженері:

– Биыл диагностикалық зерттеуден өткен жолдың ұзындығы 1 434 шақырымға жуықтайды. Оның 1 пайызының қанағаттанарлықсыз күйде екені анықталды. Жұмыс қайтарылып берілді. Сондай-ақ, ведомстволық сараптама қорытындысы бойынша 155 жоба қаралды.

Оның 114-іне қатысты оң қорытынды берілді. 30-ы әлі қаралу үстінде.

 

Гүлден Сембаева