Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жылу орталығының жұмысымен танысты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов 2-ші жылу-электр орталығына барды. Мұндағы жұмыс барысын көріп, «Севказэнерго» АҚ басшылығының есебін тыңдады. Кәсіпорында 24 тәулікке жететін көмір қоры бар, 6 қазандық агрегат жұмыс істеп тұр. Энергетиктердің айтуынша, жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр, көмір қоры жеткілікті, кестеге сай жеткізілуде.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «Севказэнерго» АҚ бас директоры:

– Қатты аяз болған күндері 10 қазандық агрегатты іске қостық. Жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Көмір қоры жеткілікті, желтоқсан айының соңына дейін 100 мың тонна көмір жеткізілмек. Сонымен қатар, биыл акционерлік қоғам инвестициялық бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарына 11 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Қазіргі уақытта 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Қалған 4-еуі резервте, 1-еуі жаңартылып жатыр.

– Две дымовые трубы на 108, 5 млн вы отремонтировали. На 2024 год предусмотрена инвестиционная программа на 14, 1 млрд тенге. 

Келер жылы мамандар инвестициялық бағдарлама аясында 2 қазандық пен 3 турбоагрегатты күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.