Құқық қорғау органдары

Мереке күндері 400-ден астам заң бұзушылық тіркелді

Өңірде соңғы үш күн ішінде 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 80-нен астамы қоғамдық орында мас күйде жүруге қатысты. Мереке күндері қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен еріктілер жұмылдырылды.
Олардың арасынан 10 адам полицияның кешенді күштерінің гарнизондық бөлінісінде марапатталды. Тәртіп сақшыларына үнемі көмек көрсететін еріктілердің еңбегі де елеусіз қалмады.