Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру көлемі артты. Қарашаның 1-індегі жағдай бойынша аталған көрсеткіш
453,8 млрд теңгеге жетті. Яғни саланы қаржылай қолдау көлемі жыл басынан бері 13,4%-ға немесе 53,7 млрд теңгеге өскен.
Несиенің басым бөлігі ұлттық валютамен берілген. Өңіраралық көрсеткішке тоқталатын болсақ, қарыз Алматыда көп рәсімделген – 213,8 млрд теңге. 42-44 млрд көлемінде Қостанай мен Ақмола облыстарында беріліпті. Ауылшаруашылық жобаларды жүзеге асырып жатқан солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер 22 млрд теңге несие алған.