Қоғам

Шал ақын ауданының әкімі есеп берді

Өңірде аудан басшыларының журналистер алдындағы есептік кездесуі жақын арада аяқталады. Дүйсенбіде көшті Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов жалғады. Брифингте әдеттегідей әр сала қамтылған баяндама оқылды. Денсаулық – бірінші байлық. Бұл бағытта мынандай жұмыс атқарылыпты.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

– Ауданның ветеринариялық-санитариялық әл-ауқаты тұрақты болып қала береді. Аудан аумағында аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Аурулардың таралу қаупін болдырмау және азайту мақсатында Сібір жарасы қабірлерін күтіп-ұстауға және мал қорымдарын салуға ерекше назар аударылып отыр.

Денсаулық сақтау саласынан алыстамаймыз. Енді жоспарға тоқталайық. Заманауи нысандар және құрал-жабдықтар. Бүгінгі таңда бұлар ауадай қажет.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

– В целом, за 2 года планируем ввести в эксплуатацию 6 медицинских объектов. Жыл соңына дейін маммограф пен видеоколоноскоп сатып алу жоспарлануда. Аудандағы медициналық мекемелер жанынан дәріханалар ашу жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде 15 дәрі сату пункті ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Халықты сумен қамту – негізгі жұмыстардың бірі. Бұл жұмыс Шал ақын ауданында кезең-кезеңімен атқарылуда. Биыл бірнеше ауыл жоспар парағына енгізіліпті.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

– Шағын ауылдарды суды тазарту жүйесі бар кешенді блок-модульдерді орнату есебінен таза сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, 12 модульді орнату жоспарланған. Биыл 4 елді мекенде орнату қарастырылған: Социал, Менеевка, Астаған және Еңбек.

Баяндама оқылғасын кезек-сұрақ жауап сессиясына келді. Бұл тұрғыда шалақындықтар белсенділік танытты. Тікелей эфирге ондаған адам қосылып, бірнеше сауал жолдады. Соның бірі жерінен айрылған тұрғындарды паймен немесе ақшалай қолдаумен қамтуға қатысты болды.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

– 2800 адамға 40 мың теңгеден төленеді. Қаражат желтоқсан айында берілетін болады.

Осы күндері Сергеевка қаласы Желтоқсан көшесіндегі үйлер суып кеткен көрінеді. Бұл баспаналар жылуды жақын маңдағы мектептен алады екен. Рахат Смағұлов ауданға бара сала мәселемен танысамын деп кездесуді қорытындылады.

 

Байболат Құлтанов