Солтүстік Қазақстан облысы аумағында аяз сақталады. Қазгидромет өкілдерінің мәліметінше, өңір әлі де солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты аймақта ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеп отыр. Алдағы 3 күнге әзірленген болжамға сүйенсек, сынап бағанасы -30 градустың үстінде болады. Тек желтоқсанның 16-шы жұлдызынан күн жылына бастайды. Мұндай суық соңғы ретаққайыңдар өлкесінде осыдан 5 жыл бұрын болыпты.
Гүлден Сембаева