Өткен демалыс күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада облыстық әдеби бірлестіктің тұсаукесері өтті. Салтанатты шараның шымылдығын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Михаил Авериннің қызы – ұстаз, музыкант, өнер мектебінің мұғалімі Елена Мещеркина ашты. Ол әкесінің көркем әдебиеттің дамуына қосқан үлесі туралы айтты. Шарада түрлі классикалық жанрдағы әсем әндер шырқалып, шығармашыл жандар өз өлеңдерін оқып берсе, енді бірі жиналғандарға жақында жарық көрген кітаптарын таныстырды. Сондай-ақ, әдеби бірлестіктің соңғы 4 жылда атқарған жұмысы тілге тиек етілді.